«Expo 2020 Dubai» халықаралық көрмесінде «Ақтөбе облысының күндері» өтті

10 наурыз, бейсенбі күні Дубай қаласында өткен «Expo 2020 Dubai» халықаралық көрмесінде «Ақтөбе облысының күндеріне» арналған іс-шара Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен өтті. Оған өңірдің бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.​ Делегацияны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин басшылық етті.

Өткізілген шара аясында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени-туристік әлеуеті таныстырылып, өңірдің өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік секторындағы кәсіпорындарының өндірістік мүмкіндіктерінің, ет, ұн және макарон өнімдерінің, сонымен қатар, мұнай-газ және теміржол салаларына арналған резинкалы-техникалық бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды.

БАӘ мен Ақтөбе облысының бизнес өкілдері бизнес форумға қатысып, B2B және В2G алаңдары ұйымдастырылды, онда өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың келешегі бар бағыттары талқыланды.

Іс-шара нәтижесінде «Petromal», «Unique Group Hotels and Travel» және «Metito» шетелдік компанияларымен ​ мұнай-газ, туризм салаларындағы, сумен жабдықтау және инвестиция тартудағы ​ өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.