Ақтөбе облысында бизнес қорғау және инвестициялық климат мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысында Ашық есік күні аясында өңір әкімі Асхат Шахаров пен облыс прокуроры кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында бизнесті қорғау, инвесторлардың мүдделерін сақтау, «Инвестициялар тапсырысы» бағдарламасы аясында инвестиция тарту жоспарлары және өңірдің бәсекелестік артықшылықтары таныстырылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы, өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту және бизнес-қоғамдастықтың заңды құқықтарының сақталуына кепілдік беру мәселелері көтерілді. Қатысушылар мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын, сондай-ақ бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін бірлескен күш-жігер қажет екенін атап өтті.

Іс-шара онлайн-форматта да өтті, онда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов жаңа инвестициялық цикл, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары және ұлттық компанияның негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынды.

«Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 150 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойды. Бұл бастаманы сәтті жүзеге асыру үшін бизнес пен мемлекет арасында тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, инвесторларды қолдаудың тиімді тетіктерін құру және олардың қызметі үшін ашық жағдай жасау қажет. Бүгінде Бас прокуратурамен бірлескен фронт-офис аясында инвестициялық жобаларға қолдау көрсету бойынша айтарлықтай тәжірибе қалыптасты. Бір жыл ішінде ынтымақтастықтың оң нәтижелері байқалды, және бұл механизм одан әрі жетілдірілетін болады», – деп атап өтті Азамат Қожанов.

Бұл кездесу кәсіпкерлер мен билік өкілдері арасында пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналды, сондай-ақ реттеуші органдар тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Мемлекет бизнесті қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, оның қорғалуын қамтамасыз етіп, өңірдегі инвестициялық ортаны дамытуға күш салатын болады.