Баспасөз релиздері

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 102 МСАК нысанының құрылысы аяқталды

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 102 МСАК нысанының құрылысы аяқталды

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Жұмыстың негізгі бағыттары туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады.

2023 жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы іске асырылып келеді.

Бүгінгі таңда Ұлттық жобаның шеңберінде негізгі үш міндет жүзеге асырылуда.

  • 655 МСАК нысанының құрылысы
  • 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары
  • медициналық кадрлармен қамтамасыз ету

Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп мемелекеттік сараптама қорытындыларын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және байланыстыру жұмыстарын толығымен аяқтады.

Құрылысқа жоспарланған 655 МСАК нысанының ішінде 102 нысанның құрылысы аяқталды.

Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерімен жергілікті бюджеттерден 551 нысанға (99,6%) 10%-дық қосымша қаржыландыру көзделіп отыр. 441 нысан бойынша құрылысқа шарттар жасалды, 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, ал 5 нысан бойынша конкурстық рәсімдер әлі жарияланған жоқ.

Нысандардың құрылысын қаржыландыру ағымдағы жылы 355 нысанның құрылысына республикалық бюджет пен Үкіметтің резерві қаражатының есебінен көзделген.

Бүгінгі таңда Қаржы министрлігімен бірлесіп, Үкіметтің резервтен бөлу туралы бұрын қабылданған қаулысына өзгерістер енгізу арқылы 194 нысанды салуды бастау үшін Үкіметтің резервінен қаражат бөлу жоспарлануда.

«Осылайша, барлық нысандардың құрылысын бастау үшін 30% мөлшерінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Ұлттық жобаның шеңберінде 7 нысан жергілікті бюджеттер, жеке инвестициялар және “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасының есебінен қаржыландырылады», — деді Ақмарал Әлназарова .

Оның айтуынша, өңірлер бойынша 337 нысанда құрылыс жұмыстары басталды, 104 нысанда басталған жоқ, ал 2 өңірде конкурстық рәсімдер жарияланған жоқ. Ұлытау облысынан басқа барлық өңірлерде бірлесіп қаржыландыру көзделген. Осыған байланысты, министр құрылысты уақтылы аяқтау мақсатында өңірлер әкімдіктерінен аталған рәсімдерді жүргізу жұмыстарын жеделдетуді сұрады.

Ұлттық жобаның екінші міндетінің шеңберінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда:

  • 2 аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды;
  • 10 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
  • 5 нысан конкурстық рәсімдерден өту сатысында;
  • 5 жоба сараптамадан өту сатысында;
  • 8 жоба бойынша  жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізілуде.

Ұлттық жобаның шеңберінде денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін кадрларға жалпы қажеттілік – 1100 медицина қызметкері деп анықталған.

«2023-2024  жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары дәрігер мамандығының беделін арттыруға және мамандардың ауылда тұруға деген ынтасын күшейтуге бағытталған», — деп атап өтті министр.

Осыған байланысты, министр өңірлердің әкімдіктерінен жас мамандардың жетуіне мониторинг жүргізу және оларды бекіту; еңбек жағдайына қанағаттанушылықты талдау, сондай-ақ кадрларды ауылда ұстап қалу мақсатында жергілікті бюджеттер қаражатының есебінен әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі жұмысты күшейтуді сұрады.

«"Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда және Министрліктің ерекше бақылауында», — деп аяқтады сөзін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге