Медиа орталық

«Ақтөбе мыс команиясы» Ақтөбе облысында бірқатар жобаларды жүзеге асыратын болады

«Ақтөбе мыс команиясы» Ақтөбе облысында бірқатар жобаларды жүзеге асыратын болады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «РМК» АҚ президенті Всеволод Левинмен кездесті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, салалық басқармалардың басшылары, «РМК» АҚ, «АМК» ЖШС өкілдері қатысты. Кездесу барысында компанияның өңірдің кен өндіру секторын дамытуға инвестиция салу жөніндегі жоспарлары, сондай-ақ әлеуметтік саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

АМК облыс аумағында 2004 жылдан бері жұмыс жасап келеді, аталмыш мекеме мыс және мыс-мырыш өндіріп, өңдеуге мамандандырылған. Өңірдің кен өндіру секторын дамыту жұмыстары кезеңінде 281 млрд теңге инвестицияланды. 5.8 млрд теңгедей қаражат әлеуметтік жобаларға бағытталды. АМК мен оның мердігер мекемелерінде 4 мыңдай адам жұмыспен қамтылған.

Бұған дейін Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барып, «Ақтөбе мыс компаниясы» кәсіпорнының жұмысымен танысқан облыс әкімі қайта өңдеудің жоғары деңгейіне жету үшін өндіріс орындарын жаңғыртуды тапсырған болатын.

Облыс әкімі: «Бұл мемлекет басшысы алдымызға қойып отырған міндет. Біз жобаларды дамыту үшін қолдау көрсетуге дайынбыз. Біз қазір сондай-ақ, ірі компаниялардың айналасына шағын және орта бизнес белдеулерін құрумен айналысып жатырмыз. Бұл тағы бір маңызды бағыт. Барлық кәсіпорындар халықтың әл-ауқат деңгейін көтеруге қолғабыс етулері керек»,- деп атап өтті.

«АМК» ЖШС-нің бас директоры Фарит Суфьянов:

«Қазіргі таңда Ақтөбе облысында Ақтөбе мыс компаниясының байыту фабрикаларын шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар келешегі бар мыс-мырыш кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 2022-2031 жылдар аралығында  130 млрд теңгедей қаражат жіберілетін болады»,- деп жеткізді.

АМК басшылығы сондай-ақ, облыс әкіміне компанияның Хромтау және Мұғалжар аудандары аумағында спорт алаңдарын салуға, аумақтарды абаттандыруға және инфрақұрылымды дамытуға қатысты әлеуметтік саланы дамыту бастамаларын таныстырды. Ұсынылған жобалардың қатарында «Лиманное» кен орны жанынан балық шаруашылығын құру да бар. Инвестиция көлемі шамамен 15 млрд теңгені құрайды.

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге