Медиа орталық

Итальяндық инвесторлар Ақтөбе облысында ЖЭК саласында алғашқы жобаны жүзеге асырды

Итальяндық инвесторлар Ақтөбе облысында ЖЭК саласында алғашқы жобаны жүзеге асырды

Итальяндық инвесторлар Ақтөбе облысында Қазақстан үшін алғашқы шетелдік "жел паркін" және өңірдегі алғашқы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны жүзеге асырды. Нысанды іске қосу салтанатына Италияның Қазақстандағы Елшісі Паскуале Д ' Авино, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев, сондай-ақ Орталық Азия аймағы бойынша "Эни" компаниясының атқарушы Вице-президенті Лука Виньяти қатысты.

Қуаты 48 МВт жел электр станциясының құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Мамандардың айтуынша, жобаны іске асыру көмірқышқыл газының атмосфераға шығарылуын жылына 172 мың тоннадан астам қысқартуға мүмкіндік береді.

"KAZAKH INVEST, жергілікті әкімдігімен бірлесіп, инвесторға рұқсат беру процедураларын өткізу, тиісті мемлекеттік органдармен келісу барысында, сондай-ақ жел паркін салу жобасының екінші кезеңін іске асыру үшін инвестициялық алаңды қарастыруда жан-жақты көмек көрсетілді. Біздің басты міндетіміз - Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау. Бұл экономиканың басым секторларына жаңа инвесторларды тартуға ғана емес, еліміздегі сәтті жұмыс істеп жатқан инвесторларды жаңа салаларға қайта инвестициялауға шақыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев.

Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс кезеңінде 480 қызметкер мен 14 қазақстандық құрылыс компаниясы тартылған. Сонымен қатар, 15 тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Алдағы бірнеше жылда компания Қазақстан аумағында ЖЭК саласында бірнеше жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Мәселен, ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Эни" іске қосылатын жел электр станциясын кеңейту жобасын іске асыру үшін қосымша 48 МВт-қа аукционды жеңіп алды, ал қараша айында инвесторлар Түркістан облысында күн электр станциясын (СЭС) салу жобасын іске асыру үшін 50 МВт аукцион жеңімпазы болып танылды. Жобаларды іске қосу алдағы жылдары жоспарлануда.

"Жаңартылатын энергия көздері секторында "Эни" Қазақстанда алғашқы қадамдар жасауда. Бұл Ақтөбе облысындағы ЖЭК бірінші жобасы, сондай-ақ біздің компанияның әлемдегі алғашқы жел электр станциясы. Біз жаңартылатын энергетиканы дамыту идеясына толық қолдау көрсетеміз және бұл келесі сандар бойынша түсінуге болады: 2019-2022 жылдарға арналған 4 жылдық жоспарымыз аясында бүкіл әлем бойынша ЖЭК жобаларын дамытуға 1,4 млрд еуро инвестиция қарастырып жатырмыз. 2022 жылға қарай біз нысаналы белгіленген қуатқа 1,6 ГВт-қа қол жеткізуді, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 5 ГВт-қа жеткізуді жоспарлап отырмыз.",- деп атап өтті Орталық Азия аймағы бойынша "Эни" атқарушы Вице-президенті Лука Виньяти.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Ұлттық компания Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев Италияның Қазақстандағы Елшісі Паскуале Д ' Авиномен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда машина жасауды, агробизнесті, жеңіл өнеркәсіпті дамытуға итальяндық инвесторларды тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Анықтама: "Эни" халықаралық интеграцияланған энергетикалық компаниясы әлемнің 67 елінде жұмыс істейді және 1992 жылдан бастап Қазақстанның мұнай-газ секторында ұсынылған. Жалпы алғанда, 1992 жылдан бастап Эни Қазақстанға $ 15 млрд астам инвестиция салды.

Сурет: Ақтобе облысы әкімдігінің Баспасөз қызметі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге