KAZAKH INVEST алаяқтықтың жаңа түрінің пайда болуы туралы ескертеді

KAZAKH INVEST алаяқтықтың жаңа түрінің пайда болуы туралы ескертеді

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қазіргі уақытта алаяқтықтың жаңа түрі қарқыны алынып жатқаны туралы хабарлайны. Алаяқтар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғалардың өкілдеріне ұялы телефондарға қоңырау шалып, өздеріңді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып одан әрі қайта сату және табыс алу арқылы түрлі бағалы қағаздарға (акциялар, облигациялар сатып алу және т.б.) қаражат инвестициялауды ұсынады.

Егер сізге «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ атынан осындай ұсыныстармен қоңыраулар түсетін болса, диалог жүргізбеуге және осы ұсыныстарға жауап бермеуге кеңес береміз. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ішкі құжаттарға сәйкес «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметкерлерінің әртүрлі қаржы құралдарына ақша қаражатын инвестициялау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен жұмысты жүзеге асыруы көзделмеген.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметкерлері қоңырау шалмайды және осындай ұсыныстармен айналыспайды!

Акцияларының жүз пайызы мемлекетке тиесілі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделерін білдіретін бірыңғай келіссөз жүргізуші болып табылатынын және инвесторлармен мемлекеттік қызметтерді алуда, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуда сүйемелдеу бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасайтынын туралы қосымша хабарлағымыз келеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге