Медиа орталық

Ұлттық экономика министрі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғындарымен кездесті

Ұлттық экономика министрі Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғындарымен кездесті

ҰЭМ басшысымен кездесуге келген халық газбен жабдықтау, бизнесті субсидиялау және ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) үшін жер учаскесін беру мәселелерін көтерді.

Байнасай ауылының тұрғындары елді мекенде газдандыру мәселесі өткір тұрғанын айтты. Халық 2023 жылы қаржыландыру мәселесін қарастыруды сұрады.

Әлібек Қуантыров жобаның халық үшін өте маңызды екенін және бұл мәселені ерекше бақылауға алатынын атап өтті. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады. Мәртөк ауылының тұрғындары жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру мерзімдеріне қатысты сұрақтар қойды. Мәселен, бұрын берілген жерлер жосықсыз иелердің кесірінен бос тұр. Бұл себептен кезек жылжымайды.

ҰЭМ басшысы бұл мәселені шешуге көмектесуге және ауыл тұрғындарының ұсыныстарын Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдауға уәде берді. Жергілікті кәсіпкерлер моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды субсидиялау мәселесін көтерді. Олар кепілдікпен бірге субсидия алуы қажет жобалар бойынша бағдарлама шарттарында салалық шектеулер бар екенін айтып шағымданды.

Ә.Қуантыровтың айтуынша, бүгінгі таңда министрлікте мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс тобы бар екенін, ол салалық шектеулерді алып тастау үшін тиісті түзетулер әзірлеп жатқанын хабарлады.

Өңірге жұмыс сапары барысында ведомство басшысы «Ауыл-Ел Бесігі» жобасы аясында салынған Мәртөк ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Жобаның құны шамамен 326 млн. теңгені құрайды. Кешен футзал, баскетбол, волейбол, жекпе-жек бойынша жаттығулар мен жарыстарды өткізуге арналған. Спорт ғимаратында медициналық кабинет, заманауи күрес залы бар, ал бассейн автоматты скиммерлік су айналымы жүйесімен жабдылталған. Мұнда бір мезетте 272 спортшы жаттыға алады. Сондай-ақ, министр Мәртөк ауылындағы №3 орта мектепті аралап көрді, онда 203 млн. теңгеге «Ауыл-Ел бесігі» бойынша күрделі жөндеу жүргізілді. Өңірде осы бағдарлама бойынша ондаған әлеуметтік нысандар бой көтерді. Жергілікті билік шалғай ауылдарды қамту үшін "Ауыл – Ел бесігі" бойынша қаржыландыруды ұлғайтуды сұрады.

Бүгінгі таңда Мәртөк ауданында 2 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі шамамен 14 млрд. теңгені құрайды. 1100-ден астам тұрақты және уақытша жұмыс орындары құрылды.

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге