Медиа орталық

Ақтөбе облысында қуатты жел электр стансасы салынуда

Ақтөбе облысында қуатты жел электр стансасы салынуда

19 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, ERG Директорлары кеңесінің төрағасы мен мүшелері Александр Машкевич, Патох Шодиев пен Шухрат Ибрагимов «Хромтау» жел электр стансасы салынатын орынға капсула қалау салтанатына қатысты.​

ERG-дің 155 мегаватты жаңғыртымды қуат көзі бар «Хромтау» аталатын алғашқы жел электр стансасы 2024 жылы іске қосылады деп жоспарланған. Хромтау маңындағы 150 гектар аумақта жел генераторының паркі бой көтереді. ЖЭС жобасы тың инжиниринг әрі технологиялық әзірлемелерге сүйене отырып қолға алынған. IEC S санатындағы қуатты турбиналар жергілікті ауа райына бейімделген. Жел қарқыны секундына 3 метр болса да, 25 метрге дейін үдесі де сол желден қуат алады.

Электр қуаты «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатына жеткізіледі. Бүгінде кәсіпорын 45 мегаватқа жуық электр қуатын тұтынып отыр. Келешекте өндіріс қуаты ұлғайып, жаңа жобалар жүзеге асырылатынын ескерсек, комбинаттың қуат тұтыну мөлшері де 80 мегаватқа дейін артуы мүмкін. Өз кезегінде бұл өңірдің энергожүйесіне айтарлықтай жүктеме болар еді. Жел электр стансасы Дөң ТКБК-ның ғана емес, іргелес орналасқан Ақтөбе облысының өзге де өндірістік кәсіпорындарын қуатпен қамдай алады. Осылайша, өңірде туындауы мүмкін қуат тапшылығы мәселесі толық шешіледі. Осы жобаны жүзеге асыру нәтижесінде атмосфераға шығатын көмірқышқыл газы жылына 520 мың тоннаға қысқарады.

ERG аталмыш жобаға шамамен 110 млрд теңге көлемінде инвестиция құйып жатыр. Құрылыс кезеңінде мұнда 300-ге тарта жұмыс орны ашылады. Станция іске қосылғаннан кейін 30 адам тұрақты жұмыс істейді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл экономикаға» өту аясында энергияның баламалы және қалпына келтіріліп жатқан түрлерін өндіру жұмыстарын дамыту міндетін қойды. Аталмыш тапсырманы орындау аясында біздің өңірде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осындай қуатты жел электр стансасының құрылысы – Ақтөбе облысы үшін маңызды оқиға. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызы зор ERG, «Қазхром» компанияларының қарқынды дамып жатқанын көру қуантады»,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин капсула қалау салтанатында.

ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылы Қазақстан көміртегі нейтралитетіне қол жеткізуі керек екенін айтты. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз. Мен Дөң тау-кен байыту комбинатын жел электр қуатына көшіре отырып, біз ұтымды бастамаға нық қадам жасап отырғанымызға шын жүрегіммен сенемін. Кейін бұл сәтті кейсті ERG-дің өзге де кәсіпорындарында тыңғылықты қайталай аламыз деген үміт бар. Біздің жел электр стансасын салу тәжірибеміз Қазақстанның өзге де ірі кәсіпорындарына үлгі болса, түпкі ұмтылыс – көміртегіне бейтарап мемлекет болу мақсатына барынша жақындаймыз»,- деп атап өтті.​ ​ ​

Бұдан бөлек, облыс әкімі Хромтау ауданында ERG-дің тағы бір стратегиялық маңызды жобасы – «Қазақстан Тәуелсіздігінің онжылдығы» шахтасының 2-ші кезеңінің құрылысымен танысты. Шахтаның жаңа кезеңі​ хром кенінің өндіріс көлемін жылына 7,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, орта және ұзақмерзімді перспективада ферроқорытпа зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

Мұнда дәстүрлі өнімділігі төмен игеру тәсілдерін жаңасына алмастыру көзделген. «Қазақстан Тәуелсіздігінің онжылдығы» атындағы шахтаның 2-ші кезеңін іске қосу нәтижесінде мың жұмыс орны ашылады. Құйылған инвестиция көлемі – 877,6 млрд теңгеден асады.

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге