Біз туралы

Шахаров Асхат Берлешұлы

Ақтөбе облысының әкімі

1978 жылғы 3 қазанда Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы, халықаралық деңгейдегі экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мансап

Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің оқытушысы болып бастаған.

2004 - 2007 жж. - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы.

2007 - 2013 жж. - Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры.

2007 - 2012 жж. - Ақтөбе қалалық маслихатының депутаты.

2012 - 2013 жж. - Ақтөбе облыстық маслихатының депутаты.

2013 - 2020 жж. - Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Бәйтерек аудандарының әкімі.  

2020 - 2022 жж. - Ақтөбе қаласының әкімі.

2022 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2023 жылғы 5 қыркүйектегі ҚР Президентінің Жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен наградталған.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге