Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Республика заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт Қазақстан бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, сегіз жыл ішінде, осындай келісімді жасауға өтінім берілген жылды қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасауға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде
Қатты пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасалған жағдайда, мұндай келісім тек қана қатты пайдалы қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызмет бойынша жасалады.
Преференциялар:
10 жылға арналған салық тұрақтылығы
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген келісім жасалған сәтте қолданылып жүрген салық режиміне сәйкес салық міндеттемесін есептеуді келесі салықтар бойынша осындай келісім (ҚР салық заңнамасының тұрақтылығының кепілі) жасалған жылдың 1 қаңтарынан бастап он жыл ішінде жүзеге асырады:
1) ҚҚС және акцизу;
2) қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
3) ЖТС;
4) төлем көзінен ұсталатын КТС.
Келісім жасасу үшін өтініш беруші Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды қоса бере отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жеткізгіште жүгінеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісім жасасуға өтініш;
2) өтініш беруші жарғысының көшірмесі;
3) өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) өтініш берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген бизнес-жоспар;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен басшының қолымен расталған құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы.
Қағидалардың осы тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде қоса беріледі.