Медиа орталық

Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті

Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өңірлік инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, оған мемлекеттік, квазимемлекеттік және коммуналдық мекеме басшылары мен өңірдің инвесторлары қатысты.

Отырыс барысында инвестициялық көрсеткіштердің орындалуы және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұртуған  Оралбаев баяндап берді.

Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 683 млрд.теңгені құрап, 7,8%-ға өсті.

Көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 7,1 трлн. теңгеге инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды.  Пулдың негізгі үлесін тау-кен металлургиясы, металлургия, мұнай-газ химиясы, энергетика және т.б. саласындағы жобалар алады. Жоғарыда аталған жобалар пайдалануға берілгеннен кейін 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

2023 жылы іске асырылған негізгі жобалар қатарында шлам өңдеу бойынша байыту фабрикасын салу (ERG компаниясы), мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру зауыты («Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС), мұнай-химия реагенттерін өндіру зауыты («Мұнайхим ЛТД» ЖШС);  сүт өңдеу цехы («АЙС+» ЖШС) бар.

Облыс экономикасына салынған инвестициялар көлемін ұлғайту мақсатында бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «ПЗТМ LTD», КазГеоруд», «Глобал Сервис Компани», «QazCement Industries», «Зерде-Керамика» компанияларының жерге қатысты мәселелері, «QazSpetsSteel», «AltynEx Company», «АКМЭЗ» компанияларының инфрақұрылымға қатысты сұрақтары айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты мемлекеттік органдарға бизнеске кедергі жасамау, облыс экономикасының өсуін қамтамасыз ету және жоспарланған жобаларды мерзімінде іске асыру үшін отырыста айқындалған инвесторлардың өзекті проблемалық мәселелерін уақытылы шешу туралы тапсырмалар берді. Инвесторлар да өз міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен бас тартпауы тиіс.

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге