Медиа орталық

Қазақстанда отандық және шетелдік инвесторлар іске асырып жатқан инвестициялық жобалар пулы жарияланды 

Қазақстанда отандық және шетелдік инвесторлар іске асырып жатқан инвестициялық жобалар пулы жарияланды 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында биылғы ақпан айында Қазақстанда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы құрылды.

Үкімет инвестициялық жобалар пулын әзірледі, оған отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілді. Пулға шикізаттық емес секторларда 500 млн теңгеден басталатын, әр түрлі сатыдағы отандық және шетелдік инвесторлардың кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары енгізілген.

Пул жалпы сомасы шамамен 24,14 трлн теңге болатын әлемнің 30-дан астам елінен 761 инвесторлар жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді.

ПУЛ ЖОБАЛАРЫНЫҢ МЫСАЛДАРЫ

Инвестициялық жоба

Инвестор елі

Өңір

Жоба сомасы

(млн теңге)

Жұмыс орындары

1.                

Кальцийленген сода өндірісі

Түркия

Жамбыл облысы

200 000

350

2.                

Техникалық кремний өндірісі

БАӘ

Павлодар облысы

35 000

380

3.                

1000 га қарқынды бақша отырғызу, сақтау мен қайта өңдеу цехтарын салу

Швейцария

Алматы облысы

32 833

199

4.                

Өнеркәсіптік жылыжай құрылысы

Польша

Түркістан обылсы

7 000

150


Жобалардың толық тізімі Сыртқы істер, Ұлттық экономика министрліктерінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен АХҚО-ның ресми сайттарында қолжетімді. Сонымен қатар салалар бөлінісінде жобалар бейінді министрліктердің сайттарында, өңірлер бөлінісінде қалалар мен облыстар әкімдіктерінің сайттарында жарияланған. Жарияланған ақпаратта мынадай деректер ұсынылған: жобаның атауы, инвестор елі, іске асырылып бастаған күні және пайдалануға беру жоспарланып отырған күні, өңір, жауапты мемлекеттік орган, инвестициялар сомасы және жұмыс орындарының саны.

Жобалар туралы ақпарат жобалардың әр түрлі сатыларда дамуына байланысты тоқсан сайын жаңартылуы мүмкін.

Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге