Медиа орталық

Шетелдік компаниялар Ақтөбе облысына инвестиция салуға дайын

Шетелдік компаниялар Ақтөбе облысына инвестиция салуға дайын

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Асхат Шахаров инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесу өткізді.

Атап айтқанда, кездесуге Sauran Silk Way Company бас директоры Гани Сауранбек, Caravan Saray Company бас директоры Умид Тургунов, Minamin Company бас директоры Юки Коминами қатысты. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

«Ақтөбе облысы көптеген шет елдермен тығыз қарым-қатынаста. Мемлекет басшысымен инвестицияларды тартуға және шетелдік компаниялармен көпжақты қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударылуда. Бүгінгі таңда шетелдік капиталдың қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын бар. Жыл сайын Ақтөбе облысының әлемнің барлық елдерімен сыртқы сауда айналымының өсуі байқалады. Мәселен, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте оның көлемі 3,1 млрд АҚШ долларынан асты. Ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, машина жасау және құрылыс индустриясы салаларындағы жобаларды іске асыруға арналған бірқатар тауашалар бар. Біз Ақтөбе облысының экономика саласына инвестиция салу бойынша ұсыныстарыңызды қарастыруға әзірміз», - деді Асхат Шахаров.

Өз кезегінде, кездесу қонақтары өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

«Мен бұл кездесуді өзара мүдделерді жақындастыру және кеңейту жолындағы тағы бір қадам ретінде бағалаймын. Біз тек Ақтөбе облысына инвестиция салуға ғана емес, сонымен қатар Ақтөбе кәсіпкерлеріне Жапониядағы іскер топтармен байланыс орнатуға көмектесуге дайынбыз», - деп атап өтті Юки Коминами.

Дереккөз: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге